ТЖЫҰ кеңесіне қатысушылар 2018 жылы теміржол көлігімен экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді тасымалдаудың көлемін келісу және оны қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселесін талқылады.
Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Вьетнам, Монғолия, КХДР теміржол әкімшіліктерінің өкілдері еуразиялық құрлықтағы жүк тасымалы көлемін өсіру бойынша өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту жайын ортаға салды.
«Мұндай халықаралық ауқымдағы шаралар халықаралық бағдардағы теміржол көлігімен тасымалдауға оң ықпал етеді. Сонымен бірге Еуразиялық кеңістіктегі бірыңғай теміржол тиімді алғы шарттарын жасайды. Не дегенмен ТЖЫҰ 28 мемлекеттің теміржол әкімшіліктерін бір мақсатқа біріктіреді»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Ықпалдасқан жоспарлау және ақпараттандыру бойынша вице-президенті Сағындық Жұмабаев.
Кеңес аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Қытай, Польша, Ресей, Вьетнам, КХДР теміржол әкімшіліктері өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.
Қытайлық әріптестерімен кездесу барысында шекаралық станцияларда бір мезгілде кедендік ресімдеу, халықаралық контейнерлерді қабылдау мен жөнелту жайлары келісілді. Ол өз кезегінде ел аумағы арқылы өтетін контейнерлік пойыздарды мәселен, Қытай (Үрімші) – Қазақстан –Орталық Азия\Еуропа бағдарындағы жолда жүру мерзімін барынша қысқартады.
Тараптар биылғы жылы ҚР мен ҚХР арасындағы жүк айналымын 2017 жылмен салыстырғанда 44 пайызға, экспорттық бағдарды -39 пайызға арттыруды көздеп отыр. 2018 жылы Қазақстан аумағы арқылы өткізілетін келісілген ҚХР транзиттік жүктері 2,3 есеге, ҚХР келетін жүктерді 21 пайызға өсіру жоспарланып отыр.
«Келісілген жоспарлар мен осы атқарылған шаралар екі елдің алдында тұрған тапсырмаларды барынша тез орындап тұрақты әрі тиімді серіктестікті дамытуға бағытталған»,-дейді Қытай теміржолының халықаралық қатынастар департаментінің бөлім бастығы Ван Гоцзюнь.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы кеңес кезінде Польша көлік министрлігіндегі әріптестерімен, PKP Cargo компаниясы өкілдерімен кездесіп, Қытай-Еуропа-Қытай бағдарындағы контейнерлік пойыздарды жасақтау болашағын талқылады. Сонымен қатар Брест-Малашевич шекаралық өткелінің өткізу әлеуетіне қатысты және Польша, Белорусь елдерінің шекаралық өткелдерімен балама негіздегі бағдарларды дамыту қарастырылды.
Кеңес отырысына Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Вьетнам, Монғолия, КХДР теміржол әкімшіліктері, сыртқы сауда ұйымдары, көлік-логистикалық компанияларының өкілдері қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.
ТЖЫҰ-ның Комиссиясы кеңесінің кезекті отырысы 2019 жылы ақпан-наурыз айларында Вьетнамда өткізілетін болды.